Біз кімбіз
ISKER Group — мұнай-газ секторындағы құрылыс және инженерлік жобалар мен қызметтердің, соның ішінде порттық операциялар, қалдықтарды басқару, жылжымайтын мүлік, кеме қатынасы, логистика, кейтеринг және демалыс салаларын қамтитын Қазақстандық конгломерат.
Кәсіби команда
Жоғары басшылықтан бастап барлық деңгейдегі ISKER халықаралық командасының мүшелері өз саласының мамандары ғана емес, сонымен қатар жұмыс істейтін ортаның ерекшеліктерін терең түсінеді. Біз бірлескен және кәсіпкерлік мәдениетті қолдаймыз, күрделі мәселелерге тиімді әрі заманауи шешімдер табуға ұдайы ұмтыламыз.
Жеке тәсіл
Біздің портфеліміз ірі жобалардың кең ауқымын қамтиды және негізгі тапсырыс берушілермен ұзақ мерзімді серіктестігімізді айқын көрсетеді. Көп жылдық тәжірибенің арқасында біз жергілікті және халықаралық корпорациялар үшін ірі жобаларға қатысуға қажетті тәжірибе мен біліктілікке ие болдық.






