Кейтеринг және нысандарды техникалық қызмет көрсету
- Біз Атырау, Теңіз, Қарабатан және басқа өңірлерде ұйымдарға кешенді facility management қызметтерін ұсынамыз. Нысандардың, инфрақұрылымның және жабдықтардың қауіпсіз әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз.
- Басты мақсат — клиенттердің қауіпсіздігі мен қанағаттануы. Біз операциялардың тұрақтылығын, тиімділігін және нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ететін барлық процестерді үйлестіреміз.
Негізгі бағыттар
- Кейтеринг
- ISKER («AEWG») құрылыс алаңдарына, өндірістік нысандарға, жатақханаларға және қоғамдық тамақтану орындарына тамақтандыру қызметін көрсетеді. Қызмет сапасы мен шығындарды оңтайландыруға үлкен мән беріледі.
- EHS: экология, денсаулық және қауіпсіздік
- Жұмыс орнындағы тәуекелдерді басқарып, жазатайым оқиғалардың алдын аламыз.
- Өрт қауіпсіздігі
- Өртке қарсы жүйелерге техникалық қызмет көрсету, тестілеу және талаптарға сәйкестігін құжаттау.
- Қауіпсіздік
- Физикалық қауіпсіздік жүйелері мен қолжетімділікті басқаруды қолдау.
- Техникалық қызмет көрсету және тексерулер
- Жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзарту және істен шығуды болдырмау үшін жоспарлы қызмет көрсету (CAFM жүйелерімен).
- Ғимараттарға техникалық қызмет көрсету
- Профилактикалық және қалпына келтіру жұмыстары: сантехника, электрика, әрлеу, әйнектеу, плитка және басқа жөндеу жұмыстары.
- Тазалау қызметтері
- Күнделікті, апталық, айлық тазалау және жедел жауап беру.
- Операциялық қолдау
- Ғимараттың күнделікті жұмысын басқару және help desk арқылы өтініштерді өңдеу.
- Help Desk
- Температура, жарық, жабдық ақаулары, бөлме брондау және басқа да өтініштерді қабылдау және орындау.
- Бизнес үздіксіздігін жоспарлау
- Төтенше жағдайлардан кейін жұмысты жылдам қалпына келтіру бойынша қолдау.
- Кеңістікті жоспарлау
- Офис жоспарларын жаңарту, қызметкерлерді көшіру және еңбек жағдайлары бойынша нормативтерді сақтау.