Оқыту бағдарламалары
- Атыраудағы қызметімізді бастаған сәттен бастап, біз құзыреттілікке негізделген әртүрлі оқу курстарын және қауіпсіздік қызметтерін әзірледік. Компания Қазақстандағы құрылыс индустриясына арналған қауіпсіздік және төтенше жағдайларға ден қою бойынша оқу бағдарламалары мен арнайы сервистік қолдаулардың сенімді провайдері болып табылады. Атырауда жағалаудағы оқу және қолдау көрсету орталықтарымыз жұмыс істейді. Ең танымал курстарға мыналар кіреді:
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
- ■ Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жобалау және қауіпсіз пайдалану талаптары;
- ■ Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының талаптары;
- ■ Бейорганикалық қышқылдар мен сілтілерді қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары;
- ■ Сұйытылған мұнай газын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары;
- ■ Табиғи газды бөлу және тұтыну кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары;
- ■ Бу және ыстық су қазандықтарын жобалау және қауіпсіз пайдалану талаптары;
- ■ Жүк көтергіш құрылғыларды жобалау және қауіпсіз пайдалану талаптары;
- ■ Техникалық метанолды тасымалдау, сақтау және пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік.
Еңбек қорғау
- ■ Биіктікте жұмыс істеу;
- ■ Қазақстан Республикасындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары.
Өрт қауіпсіздігі
- ■ Өрт-техникалық минимум бойынша ұйымдардың қызметкерлерін, басшыларын және өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды оқыту.
Электр қауіпсіздігі
- ■ Электр персоналын IV, V электр қауіпсіздігі тобына аттестаттау және оқыту;
- ■ Электр персоналын II, III электр қауіпсіздігі тобына аттестаттау және оқыту.